Басты бетЖаңалықтарӘлеумет

Отбасын нығайту – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі

Жуырда Отбасы күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Отбасын нығайту – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі» атты кездесу өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің аға оқытушысы, «Алтын алқа» иегері, қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы-2018» байқауының жеңімпазы А.Жантаева отбасымен, №20/35 әскери бөлімінің әскери оркестрінің аға нұсқаушы-сазгері, әскерилер арасында өткен «Мерейлі әскери отбасы» байқауының және облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы-2019» байқауының жүлдегері А.Жазыбаев отбасымен, «Шанс» Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының психологы А.Мырзатаева, «Елу жылда ел жаңа» ҚБ-нің төрайымы Ш.Сүйімқұлова қатысты.

Жиында отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етуге болатыны, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің артықшылығы сөз етіліп, бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамының дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Сондықтан, бұндай кездесулерді көптеп өткізгеннен ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close