Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараздықтар енді ыстық суды жыл бойы пайдаланады

Тараздықтар енді ыстық суды жыл бойы пайдаланады. Ол үшін облыс орталығында барлық жағдай жасалуда, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы осыдан біраз уақыт бұрын «Тараз энерго орталығында» өткен жиында айтылған болатын. Онда бұл мәселені шетелдік компания өкілдері талқылап, энергетика саласының мамандары таразылаған болатын.

Жалпы, ыстық суды жыл бойы берудің мәселесі біраз уақыттан бері айтылып келе жатқаны жасырын емес. Халықтың бұл мәселеге қатысты сұранысын қанағаттандыру бағытында біраз шаруалар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, шетелдік инвесторлар тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Дей тұрғанмен, «Тараз энерго орталығындағы» қондырғылардың едәуір бөлігінің тозығы жеткен. 55 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанын ескерсек, бұл заңды да. Дегенмен, уақыттың өзі барлық құрылғылар мен жабдықтарды жаңалауды қажет ететіні жасырын емес. Басқосу барысында да модернизациялау мәселесі қаралып,  алдағы он жыл ішінде қайта құру жұмыстарын  шет елдік компания өкілдерімен бірлесе отырып шешу мәселесінің қаралуы сондықтан деп ойлаймыз.

 «Тараз энерго орталығымен»  бірлесе іс атқаруға «Sterling And Wilson» компаниясының өкілдері қызығушылық танытып отыр. Жаңадан келіп жатқан арабиялық компаниядан бөлек, мекеме Ресей және қытайлық әріптестерімен де жақсы байланыс орнатқан.

– Жан-жақты жұмыс жасайтын біздің компания энергожүйелердің құрылысымен айналысады. Біз энерго жүйелерін құрып тарататын, сонымен қатар халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын бірден-бір өндіріс орнымыз. Қазір әлемнің түкпір-түкіпірімен бірлесіп жасайтын мекемелеріміз бар. Ал, бүгінгі Таразға келу мақсатымыз – осындағы энергоорталықты жаңарту, – дейді инвесторларды бастап келген компания өкілі Рашид Хан. Осылайша,  шаһардағы энерго орталық толықтай жөндеу көріп, жаңа технологиялар қолданысқа беріледі.  Нәтижесінде, коммуналдық төлемдер бағасының айырымы төмендеп, тұрғындарға да тиімділік қарастырылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close