Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында қайтыс болған мүгедектерге бюджеттен заңсыз қаражат бөлінген

Жамбыл облысы Шу ауданаралық прокуратурасы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін тексеру барысында қайтыс болған мүгедектерге оңалту қызметі үшін бюджеттен заңсыз қаражат бөлу бойынша 12 факті анықтады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» Жамбыл облысы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, 1-топ мүгедегі К. деген азаматқа денсаулығына байланысты жылдың соңына дейін жеке көмекші тағайындалып, бюджеттен ай сайын 15 мың теңге еңбекақы төленді. К. деген азамат 25.01.2019 ж. қайтыс болғанына қарамастан, а.ж. қаңтар-шілде айлары аралығында жеке көмекшіге мемлекеттік бюджеттен заңсыз еңбекақы төленді. Яғни, мемлекетке жарты миллионнан астам теңге залал келтірілді. Аталған факт ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша СДТТБТ-да тіркеліп, қазіргі кезеңде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік көмекшілерге мұқтаж 1-топ 6 мүгедекке көмекшілер тағайындалмаған, яғни олардың құқықтары бұзылған. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылған 16 мүгедектен 1,3 млн. теңге көлемінде заңсыз табыс салығы ұсталып отырған.

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде мүгедектер оңалту мен әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіліп, заңсыз ұсталған сомалар толығымен қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close