Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Жұмыспен қамту – білім сапасының басты көрсеткіші

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа  Жолдауында еліміздің өркениетті дамуына қатысты және барлық салаға байланысты мәселелер қамтылды. Білім саласының маманы ретінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөліміндегі білім беру сапасын жақсарту мәселесі мені де алаңдатады», – деді Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Орынқыз ЖОЛДАСОВА.

«Білімді алу жеткіліксіз, оның қолдану аясын анықтау керек», — деп өз заманында неміс философы И.Гете атап өткендей, білімгердің алған білімінің нәтижесі, әрине оның жұмыспен қамтылуымен, табыс алу көрсеткішімен өлшенеді.

Бітіруші жұмыспен қамтылу барысында қандай мәселелерге кезігеді? Бірінші кезекте ол тәжірибесінің жоқтығымен, жасырын емес жоғары оқу орнында алған білім тек теориялық болып тұр. Университетте оқытудың теориялық бағыты түлектерді жұмысқа орналастыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлау деңгейіне жету, өндіріспен байланысты нығайту үшін университеттер жұмыс берушімен бірлескен оқу бағдарламаларын дамытуға, кәсіби практиканы сапалы жүргізуге көңіл бөлу қажет. Тәжірибе жинақтау және одан әрі практика өту орнында жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жоғары оқу орындары түлектерінің арасындағы жұмыссыздық деңгейін едәуір төмендетуі мүмкін. Жас мамандарды сәтті әлеуметтендіру, кәсіби тәжірибе жинақтау, өзін дәлелдеп, әрі қарай жұмысқа орналасу үшін мемлекет өз тарапынан түлектерге «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жастар резерві» сынды көптеген бағдарламалар ұсынуда. Ендігі кезекте жоғары оқу орындары да, жұмыс берушілер де, Президент ұсынысына ортақ шешім табуға ат салысуы керек.

Орынқыз ЖОЛДАСОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close