Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Талас ауданында кешенді штабтық оқу-жаттығу өтуде

Жамбыл облысы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Талас ауданының басқару органдарымен, күштері мен құралдарымен «Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар қаупі немесе туындауы жағдайында басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-әрекеттері» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың бірінші күні АҚ облыстық және аудандық қызметтерінің өкілдерінің, ұйым басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында басталды. Отырыс барысында жедел штаб басқару органдарымен «жоғары дайындық» жұмыс істеу режимінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға міндеттер қойылды. Сондай-ақ, аудандық буын басшы құрамының қайта тағайындау бойынша іс-шараларды орындауға дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды.

Одан әрі шұғыл әрекет ету жасағының жиыны жарияланды, онда сапқа тұрғызылғаннан кейін жеке құраммен танысу, авариялық-құтқару жабдықтарының жарамдылығы, команда және құрамалар мүшелерінің функционалдық міндеттерін білуіне сауалнама жүргізілді. Оқу-жаттығу штабының бастығы подполковник Әсет Манасовтың қатысуымен радиацияға қарсы паналар, сондай-ақ халықты жасыру үшін пайдалануға болатын жертөле бөлмелерінің бар-жоғын қарау өткізілді.

Іс-шара барысында оқу-жаттығу басшылығы штабының мүшелерінің, ауылдық округ әкімдерінің, ауданның азаматтық қорғау қызметінің бастықтарының, эвакооргандар мүшелерінің, Жедел ден қою жасағының командирі, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып директорларының, сынып жетекшілерінің қатысуымен «Тараз қаласынан көшірілетін халықты қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру» «Жамбыл облысы бойынша «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы іске қосылды және жылыту маусымына дайындығы», «Тараз қаласы бойынша эвакуацияланған халықты қабылдау», сондай-ақ «TalasInvesCampany» ЖШС өндірістік объектісінде күшті әсер ететін улы заттардың шығарындысын ұйымдастыру және жою» тақырыбы бойынша практикалық және теориялық сабақтар өткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close