Басты бетЖаңалықтарРуханиятТанымӘдебиет

Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы түрік тіліне аударылды

Қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романының бірінші кітабы түрік тілінде жарық көрді, деп хабарлайды «Ақпарақ».

Бұл туралы Еуразия жазушылар қауымдастығының төрағасы, түркиялық жазушы Якуп Омероғлы мәлімдеді. «Қызыл жебе» романының бірінші бөлімі «Рысқұл» кітабының жариялануын ұзақ уақыттан бері күттік. Қазақ әдебиетінің ең үздік авторларын көрсету үшін Шерхан Мұртаза еңбектерінің жариялануы өте маңызды. Шерхан Мұртазаның шығармаларынсыз жаңа қазақ әдебиетін елестету қиын. Былтыр ұйымымыздың баспа органы саналатын «Кардеш Калемлер» журналында жазушының «Ай мен Айша» романын жариялаған едік. Биыл «Қызыл жебені» үлкен ғанибетпен жариялаймыз. 5 қазанды арнайы таңдау арқылы Шерхан ағаның өлмегенін, өз туындыларымен мәңгі жасайтынын көрсеткіміз келді», – деп жазды Якуп Омероғлы. Шығарманы тәжірибелі аудармашы, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сарапшы, 70-тен астам туынды аударған Уфук Тузман түрік тіліне аударған. «Қызыл жебе» – түрік әдебиетіне енген әдеби классика арасында құнды тарихи романдардың бірі. «Қызыл жебенің» оқырмандары қазақ мәдениетінен және тарихи оқиғалардан хабардар болады», – деді Уфук Тузман. Еске сала кетсек, Алматыда жазушы Шерхан Мұртаза тұрған үйге мемориалды тақта орнатылған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close