Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тазалық – ортақ іс

Бүгінде жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіліп, Тараз қаласының келбетін көріктендіруге шындап күш салынуда. Бұған күзгі екі айлығы жарияланып, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны дәлел.

Жалпы, тазалық денсаулық кепілі деп жатамыз. Ал тазалық болуы үшін сенбіліктердің өтіп тұруы заңдылыққа айналғалы қашан. Өкінішке орай, біз әлі күнге дейін тазалық мәдениетін меңгере алмай келеміз. Орыс халқында «Тазалық тазалаған жерде емес, шашпай-төкпей, былғамай жүрген жерде болады» дегенге саятын мақал бар. Расында, егер көшелердің бойына ешкім қоқыс тастамайтын болса, ол жерді тазалаудың да қажеттілігі болмас еді-ау деген ой келеді. Алайда олай болмай тұр бүгінде. Сондықтан да, жергілікті әкімдік тарапынан кесте бекітіліп, мемлекеттік мекемелер, жоғары, орта білім беру мекемелері, кәсіпкерлік нысандары өздеріне белгіленіп берілген жерді тазалап, тазалық жұмыстарына үлес қосуда. Осылайша, сенбілік кезінде қаладағы әр мекеме өзіне тиесілі аймақты күл-қоқыстан тазартып, көріктендіру жұмыстарын жүргізуде. Көше бойлары, қаланың барлық саябақтары, сондай-ақ арықтар мен жиекжолдар тазартылып, ағаштардың түптері әктелуде.

Жалпы алғанда биыл қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млрд. 870,8 млн. теңге бөлінген екен. Ал биылғы жылдың сегіз айы бойынша атқарылған жұмыстарға келер болсақ, 27 қураған апатты тал түбінен алынып тасталса, 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесіліп, 298 тал ағаштары балақталған. Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 тал әктелсе, 2004 электр бағанасы, 170 гүл сауыты, 396 қоғамдық орындық, 290 қоқыс тастайтын жәшік, 200 мың шаршы метр аялдама және 4836 шаршы метр қоршау мен турникет сырланған. Көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар мен 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыс шығарылса, 5,8 мың шаршы метр жер қолмен тазаланыпты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close