Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың мүмкіндігі

Бұл күндері тараздықтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру  мақсатында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 15-ші мөлтек ауданның құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда 10 мың 300 отбасына арналған 280 көпқабатты үйден тұратын 15-ші мөлтек ауданның құрылысы жүргізілуде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұдан басқа 80 және 60 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 80 пәтерлі арендалық 11 тұрғын үйдің құрылысын бастауға қала бюджетінен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.  

Аталған бағдарлама аясында, «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14-ші мөлтек ауданында 5 460 отбасына арналған 9 және 12  көпқабатты 49 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары да жоспарланған. Жалпы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда.

Осылайша, бүгінде Тараз қаласында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ал аталған бағдарламаларды іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан және жергілікті бюджет есебінен қарастырылған қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарының партия фракциясы жанындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссия құрылған. Аталған комиссия мүшелері облыс орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close