Басты бетЖаңалықтарЭкономикаӘлеумет

Көне шаһарды көркейту жұмыстары жалғасуда

Таразда аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында қаланы көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

          Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. 1500 шаршы метрді құрайтын зал екі қабаттан тұ­рады. Ғимараттың бірінші қабатында екінші дүниежүзілік соғыстың әр жыл­дарына арналған суреттер бар. Онда 1 миллион 500 мыңнан астам фотосурет пен шежірелер жинақталған. 1941 жылға арналған қабырғадан «Барбаросса» жоспарының картасын, генарал-майор Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Николай Белашов секілді батырлардың ерлік іздерін, майдан даласындағы құжаттарын көруге болады. Залдың екінші қабатында «Бауыржан­тану» ғылыми-зерттеу орталы­ғы ор­наласқан.

          Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын (арбат)  абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады. Бұдан бөлек, «Шахристан» тарихи кешенінде өлкетану мұражайының,   көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдік бейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль» амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Осы нысандармен қатар, тарихи кешеннің абаттандырылуы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары басталады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close