Басты бетЭкономика

Атқарылған жұмыс аз емес

Тараз қаласы бойынша ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыс аз емес.

Мәселен, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ауылшаруашылық саласында 2 миллиард 913,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құраған, 2018 жылы – 2 879,7 миллион теңге болған. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша  924,3 миллион теңгеге, өсімдік шаруашылығы бойынша 1 миллиард 766,7 миллион теңгеге өнім өндірілген.  Осы сала бойынша ірі қара мал – 263-ке немесе 5,8 пайызға (2018 жылы – 4545, 2019 жылы – 4808), жылқы 2-ге немесе 0,2%-ға (2018 жылы – 1134, 2019 жылы – 1136), ешкі – 47-ге немесе 6,2%-ға  (2018 жылы – 756, 2019 жылы – 803), үй құстары 27 840-ты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 710-ға өсіп отыр (2018 жылы – 27 130, 2019 жылы – 27 840). Ал, қой – 345-ке немесе 4,6%-ға (2018 жылы – 7546, 2019 жылы – 7201), шошқа – 123-ке немесе 8,3%-ға (2018 жылы – 1481, 2019 жылы – 1358) төмендеген. Сондай-ақ, сүт өндіру 1,4 тоннаға немесе 0,1%-ға (2018 жылы – 3562,6 тонна, 2019 жылы – 3564 тонна), ет өндіру 0,9 тоннаға немесе 0,3%-ға (2018 жылы – 268,2 тонна, 2019 жылы –269,1 тонна), ал жұмыртқа 1,0 мың данаға немесе 0,1%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 1460,8 мың дана, 2019 жылы – 1461,8 мың дана) қалыптасып отыр.

          Қала аумағында жылыжай шаруашылығымен жалпы аумағы 0,87 га құрайтын «Рамазан» шаруа қожалығы айналысады. Қазіргі таңда шаруа қожалығы қызанақ пен қияр көшетін отырғызып, күздік өнім алу жұмыстарын жүргізуде. Келешекте 0,87 га жерді 1 га дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

          Қазіргі кезде қалада ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен 98 цех пен кәсіпорындар жұмыс істеуде, олардың басым бөлігі шұжық, кондитерлік және наубайхана цехтарына тиесілі. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны – 2158 адамды құрайды.

          Жалпы қалада шаруа қожалықтарының жерлері 591 га құрайды. Онда 186,6 га жерге көкөністер, картоп 3,0 га, дәнді май және бұршақты дақылдар 25,9 га, қант қызылшасы 20,0 га, көп жылдық шөп 93,8 га және мал азығы дақылдары 261,5 га жерге егілген. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close