Басты бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика

Кәсіпкерлікті дамыту – өзекті мәселе

Бүгінгі таңда елімізде бизнесті дамыту және қолдау мақсатында көптеген шаралар қолға алынуда. Солардың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы. Бұл бағдарлама Таразда да сәтті жүзеге асуда.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында субсидия тетігі бойынша 1 миллиард 241,0 миллион теңгеге 15 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша 238,4 миллион теңгеге 44 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, несиелендіру «Береке 3» бағдарламасы бойынша биылғы жылдың 8 айында 721,0 миллион теңгеге 21 жоба және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1 миллиард 143,3 миллион теңгеге Тараз қаласы бойынша 97 жоба қаржыландырылды.

          2019  жылдың мамыр айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 миллион теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар мамыр айының  4-нен бастап 24 маусымға дейін 18 жоба қабылданды. Жамбыл облыстық  Аймақтық үйлестіру кеңесі 29 маусымда байқау өткізіп, нәтижесінде Тараз қаласынан 4 жоба 8,0 миллион теңгеге грант ұтып алды. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша жастар жылына байланысты Республикалық бюджеттен 21 миллион теңге, облыстық бюджеттен 303 миллион теңге бөлінді. Соның ішінде 109,2 миллион теңгеге 47 жобаны Тараз қаласының жас кәсіпкерлері ұтып алды.

          Заңды тіркеліп, кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында облыс әкімі А.Мырзахметовтің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қаладағы заңсыз орналасқан және құжаттарының мерзімдері өтіп кеткен 140-тан аса дүңгіршектер мен павильондар анықталып, бүгінгі күнге 109-ы алынды және тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда. Заңсыз контейнерлік дүңгіршектер мен сауда нүктелерінің орнына типтік коммерциялық дүңгіршектерді «Тараз» ӘКК ҰК АҚ-ның тетігі арқылы конкурстық негізде орнату бойынша 5 рет аукцион өткізіліп, 26 жер учаскесі жеке тұлғаларға берілсе, 23 жер учаскесінің құжаттары дайындалып, аукцион арқылы жеке тұлғаларға берілетін болады. Мұндағы міндетті шарттың бірі, қатысушыларға ұсынылатын сауда нүктелерінің эскиздері бірыңғай сәулеттік стильде болуы тиіс.

          Міне, осылайша, Тараз қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып, көптеген жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close