Басты бетЖаңалықтарЭкономика

Инвестициялық жобалардың игілігі мол

Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы 2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ: 

         – «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

         – «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

         Ал, 2020 жылы 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде.

         1. «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу (полиэтилентерефталат рециклингу) бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. 

         2. «Ekojer» ЖШС – «Қоқыс өңдеу зауыты», жылдық қуаттылығы 100 мың тонна қоқыс, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі: 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.

         Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы ««Ekojer» ЖШС уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» №254 Қаулысымен «Ekojer» ЖШС-не Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі жерінен американдық технология негізінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жалпы 20,0 гектар жер учаскесі 5 жыл уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен қысқа мерзімге берілген.

         3. «TARAZLING» ЖШС сұйытылған табиғи газды (метан) өндіру. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге жер қатынастары бөлімімен жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда.

          Осылайша, Тараз қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Еске сала кетейік, жоғарыда келтірілген мәліметтер биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша алынған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close