Басты бетЖаңалықтарХабарландыру

Құрметті тараздықтар!

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылдың 16 қазанынан бастап «Арбат» жаяу жүргіншілер кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Төле би даңғылының Байзақ батыр көшесі мен С.Аққозиев көшесі аралығы жолаушы көліктерінің қатынасы үшін жабылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, жолаушы тасымалдайтын автобустардың жүру схемалары өзгертіліп, қатынайтын болады. Олар:
– №23 автобус бағыты Пушкин көшесінен Байтасов көшесі арқылы Асқаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
– №47 автобус бағыты Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесі арқылы А.Асқаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
– №13, №14, №19, №27, №46, №56 автобус бағыттары Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Төле би даңғылымен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
– №41, №6, №7, №33, № 36, №37, №54, №57 автобус бағыттары Пушкин көшесінен Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Төле би даңғылы немесе Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
– №9, №16, №20, №55 автобус бағыттары Төле би даңғылынан Байзақ батыр көшесіне, Ташкент көшесі арқылы Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
– №15 автобус бағыты Байзақ батыр көшесінен Төле би даңғылына, Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесіне, Көшеней көшесі арқылы Аққозиев көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен);
– №4, №34, №42 автобус бағыттары Аққозиев көшесінен Төле би даңғылына әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен) қатынайтын болады.

«Арбат» жаяу жүргіншілер кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты жолаушы тасымалдайтын автобустардың бағыты уақытша өзгертілетініне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Тараз қаласы әкімдігі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close