Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

ЫСЫРАПҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДІНИ РӘСІМ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ БІРҚАТАР ЫСЫРАПШЫЛЫҚТАР ТОҚТАТЫЛДЫ.

Құрметті Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тұрғындары! Жамбыл облыстық мешіті 2019 жылдың 27-ақпанында «Жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі» атты ысырапты жоюға байланысты қабылдаған қаулысына сәйкес және 2019 жылдың 21-қыркүйегінде өткен облыстық «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумға қатысушылардың діни жоралғылардағы және той-томалақтардағы ысырап пен даңғазалықты жою бағытындағы үндеуі негізінде облыстық мешіт діни рәсім төңірегіндегі төмендегі ысырапшылықтар ендігі жерде тоқтатылғанын хабарлайды.

  1. Қабірдің басында шапан, жыртыс, шәй, орамал, ақша беру қатаң тоқтатылды;
  2. Марқұмға арнап, аста-төк дастарқан жайылмайды. Ауыз тиерлік ас тұрса жеткілікті. Мақсат – ас жеу емес, марқұмның туыстарын сабырға шақырып, көңіл айтып бару;
  3. Қарызданып, қауғаланып, несие алып, дастарқан жасаудың түкке пайдасы жоқ, мұндайды дініміз құптамайды. Сондықтан пайдасыз, сауапсыз нәрседен сақ болған жөн;
  4. Жетісі, қырқы, жылдық асын беру әркімнің мүкіншілігіне қарай атқарылады. Барынша үйде, шағын түрде өткізу құпталады;
  5. Жетісі, қырқы, жылдық асында сағаттап елді сөйлету деген даңғазалық тоқтатылды. Оның орнына тәрбиелік мәні бар уағыз-насихаттар айтылады;
  6. Ас беру уақытының да нақты болғаны жөн. Мәселен 1 сағат көлемі жеткілікті;
  7. Мазар салуда ысырапқа жол жоқ. Қымбат мәрмәрдан салуды дініміз бұйырмайды. Қарапайым, аты-жөні, туған жылы, кімнен естелік екендігі жазылған тақта болса жеткілікті. Сурет салынбайды. Қорған тұрғызылмайды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық мешіті биылғы жылдың 27 ақпанында «Жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі» атты ысырапты жоюға байланысты қаулы қабылдаған болатын. Сондай-ақ, облыстық «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумында қатысушылар діни жоралғылардағы және той-томалақтардағы ысырапшылықты жою туралы үндеу жариялаған еді. Осыны басшылыққа алған облыстық мешіт жоғарыдағы ысырапшылықтар тоқтатылғанын мәлімдеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close