Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Басты мақсат – халықпен кері байланыс орнату

Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті.

Бас құжатта айтылған мәселелерді халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 3 қыркүйегіндегі №63 өкімімен құрылған №4 топ аталмыш мекемеге арнайы келіп, мамандармен ашық пікірлесті. Алғашқы болып сөз алған «Бірыңғай жинақтаушы қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Қыдырәлі Таласбаев Жолдауда айтылған бірқатар мәселеге кеңінен тоқталды.
– Ұлттық мүддеге негізделген тапсырмалардың өзектілігі өзін мемлекетшіл санайтын әрбір азаматты бейжай қалдырмасы анық. Сонымен, биылғы Жолдауда айтылған аса өзекті мәселелерге тоқталар болсам, Президенттің мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға, шағын және орта кәсіпкерлікті жаппай дамытуға, Үкіметтің тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алуына, жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға жеткізуге, мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға қатысты ойлары – қолдарлық бастама, – деді Қыдырәлі Таласбаев.
Сондай-ақ Қыдырәлі Ілесбайұлы халық пен билік арасындағы кері байланыстың бір жүйеге еніп келе жатқанына ризашылық білдірді. «Расында, халықпен тиімді кері байланыс орнату – қашанда алғы мақсаттардың бірі. Ендігі кезекте Президент Әкімшілігінде осы саланы қадағалайтын бөлім ашылды. «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары саналады. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын, олар бойынша жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізге аса қажетті салалардың жұмысын жандандырудың тиімділігін алға тартты», – деді ол.

Арайлы СЕРІКҚЫЗЫ.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close