Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Талас ауданында атқарылған жұмыс ауқымды

Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Талас ауданының Үшарал ауылдық округіндегі Арал, Қайыр ауылдарында және Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункттер салынуда. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жалпы, Талас ауданында бұдан бөлек білім беру, мәдениет, жастар ісі салаларында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, ағымдағы жылы 50 орындық 1 жекеменшік балабақша ашылса, тағы бір 50 орындық жекеменшік балабақша қараша айында ашылады деп жоспарлануда. Былтыр Қаратау қаласында барлығы 275 орындық 4 жекеменшік балабақша ашылған болатын. Жалпы, ауданда білім беру саласына қарасты 1 жоғары оқу орны, 4 колледж, 35 мектеп, 24 балабақша, 16 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. Ал аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты  39 нысан бар. Олардың барлығы бүгінде тұрғындарға тұрақты түрде қызмет көрсетуде. «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобасы аясында 2018 жылы Талас аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылса, биыл аталған бастаманы жалғастыру мақсатында Ақкөл, Ойық, Тамды ауылдарында «Коворкинг» орталығы ашылып, барлығы бүгінде толыққанды жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, ауданға келген жастарды қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатқаны белгілі. Мәселен, бұл бағдарлама бойынша Талас ауданында биылғы жылдың 9 айында 31 маманға көтерме жәрдемақы үшін 6 миллион 10 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін  12 маманға 37 миллион 685  мың теңге несие берілген. Көтерме жәрдемақы алған 31 маманның 17-і білім беру саласында, 9-ы денсаулық саласында, үшеуі спорт және екеуі  ветеринария саласында жұмыс істесе, тұрғын үй сатып алу үшін несие алған 12 маманның 8-і білім саласында, біреуі денсаулық саласында және үшеуі ветеринария саласында еңбек етуде. Осылайша, таластық жастар да мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын көруде.

Жалпы, бұл Талас ауданында атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Тізе берсек, тізбектеле берерліктей игілікті шаруалар баршылық. Ал ол туралы алдағы уақытта кеңінен жазатын боламыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close