Басты бетЖаңалықтарЭкономика

Таласта мал басы артып келеді

Жамбыл облысы Талас ауданында мал басы артып келеді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі хабарлайды. Мәселен, биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысына сүйенсек, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,8%-ға өсіп, 26 584-ті, қой-ешкі 3,2%-ға өсіп, 384 850-ді, жылқы 4,2%-ға өсіп, 10 739-ды, түйе 10,3%-ға өсіп, 2373-ті, ал үй-құстары 8,3%-ға өсіп, 34 633-ті құрады. Сондай-ақ, шошқа 3 есеге өсіп, 375-ке жеткен.

Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімі 9 миллиард 42 миллион 100 мың теңгеге өндіріліп, 111,3 пайызға орындалды немесе 915 миллион 400 мың теңгеге артты. Ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет 9 мың 078,6 тонна құрап, 2,6%-ға өскен, сүт 7 мың 558 тонна құрап, 2,4%-ға өсті, жұмыртқа 2 миллион 540 мың дана өндіріліп, 0,3%-ға өскен, жүн 472,2 тоннаны құрап, 1,4%-ға өскен. Ет экспортына келер болсақ, 2019 жылдың 9 айында «Меркі ет комбинаты» ЖШС-на 32 тонна қозы еті өткізілді. Сондай-ақ, Үшарал ауылдық округіндегі «Әден» шаруа қожалығы мал бордақылап, өзінің Тараз қаласындағы консервы өңдеу цехында қой, сиыр, жылқы және түйе етін консервлеп өткізуде. Сол сияқты, «Ақбас» және «Ынтымақ» шаруа қожалықтары 500 және 1000 басқа арналған мал бордақылау аландары салынуда. 2020 жылдан бастап мал бордақылау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2019 жылдың 9 айында 48 құдық қазылып, 172 күн сәулесінен қуат алатын қондырғы орнатылған.

Жалпы, ауданның жер көлемі 1 миллион 220 мың 562 га, оның ішінде егістік жерлер 21 мың 439 га, шабындық 22 мың 785 га, жайылымдық 414 мың 450 га. 2019 жылдың наурыз айында 1 конкурс өткізіліп, 21 жер учаскесі, жер көлемі 9 667 гектар, оның ішінде 123,3 гектар суармалы егістік, 9543,7 гектар жайылым жер конкурс арқылы берілді және есепті мерзімде 2 аукцион өткізіліп, 2,1 гектар жер учаскесі аукционға беріліп, жергілікті бюджетке түсетін қаржы 17 миллион 239 мың теңгені құрап отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close