Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Жуалыда «Елдік елге байланысты» форумы өтті

Жуырда Жуалы ауданындағы «Достық» мәдениет үйінде «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форум өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Форумға аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық Алқа билер кеңесінің төрағасы Аманжол Дүрәліұлы, ауыл әкімдері, ақсақалдар, ауыл имамдары қатысты.

Форумды жазушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет жүргізіп отырды. Жиында Жуалы мешітінің имамы Сейітқазы қажы Медетбек сөз сөйлеп, Діни жоралғыларды жасауда ысырапшылдыққа жол бермеу туралы айтып өтті. Бұдан кейін өз кезегінде Аманжол Дүрәліұлы «Бірлігіміз – басымыздағы бағымыз», ал ардагер ұстаз Дәулетжан Байдалиев «Тәрбие – тал бесіктен» тақырыбында баяндама жасап, еңбек тәрбиесін қолға алуға, жастарды кітап оқуға шықырды. Келесі кезекте той мәселесі сөз болып, ысырапшылдық пен даңғазалық туралы Ақсай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Кәрібай Құрмашев айтып өтті. Ол қазіргі заманда тойдың түрі көбейіп, мән-мағынасы төмендеп бара жатқанын, ысырапшылыққа, даңғазалыққа, мақтангершілікке жол беріліп, бәсекеге айналғанын, халықтың той жасаймын деп қарызданып жүргенін айта келе тойды уақытылы бастап, уақытында аяқтауға шақырды. Сондай-ақ, жиын барысында «Қыз болашағы – ұлт болашағы» тақырыбында Бауыржан Момышұлы ауылының Аналар алқасының төрайымы Жаңаш Серғазина сөз сөйлеп, өз пікірімен бөліссе, ақсақалдардың қоғамдағы ролі туралы аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков айтып өтті.
Форумды аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы қорытындылады.
Бұл Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай өткізілген облыстық форумның Жуалы ауданындағы жалғасы. Форум барысында облыс тұрғындарына арналған Үндеу қабылданғанын және ол Үндеу аудан тұрғындары тарапынан қолдау табады деген сенімін білдірген аудан әкімі бұндай маңызды шаралар өскелең ұрпақ үшін де алдағы уақытта өз жалғасын табатынын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close