Басты бетЖаңалықтарЭкономика

Мал шаруашылығын дамыту – маңызды мәселе

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының тек жалпы өнім беріп қана қоймай, сонымен қатар, халықты маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін саласы. Бүгінде етті және сүтті тұқымды малды көбейту мемлекеттің ауылшаруашылығы саласындағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Ол үшін «Сыбаға» сынды бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысында, оның ішінде Талас ауданында да мықтап қолға алынған.

Мәселен, сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталар болсақ, Қаратау қаласында май, қаймақ, ірімшік сынды тәулігіне 2 тонна сүт өнімін өндіретін цех ашу мақсатында жеке кәсіпкер «Сержанов» тарапынан жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 28 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда несие алу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Қызыләуіт ауылындағы «Кәусар» шаруа қожалығы өз қаржысына 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салып жатыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары басталған. Бұдан бөлек Бостандық ауылындағы «Тәжібай» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі биылғы жылы «Ауыл шаруашылығы қолдау қоры» АҚ  арқылы несиеге сүт жинайтын танкер және сүт таситын автомашина алып, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыстарын жоспарлауда. Ал ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 9 айында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ,  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС арқылы 13 шаруа қожалығы – 248 миллион  200 мың теңге несие алып, 112 сиыр, 5584 қой сатып алды. Оның ішінде: 2 шаруа қожалығы 80 миллион теңгеге 112 етті-сүтті бағытындағы «Cимменталь» тұқымды мүйізді ірі қараның аналық басын сатып алса, 12 шаруа қожалығы  168 миллион 200 мың тенгеге 5584 қой сатып алды. Сонымен қатар, «Қазына» және «Найза-Қызыл» шаруа қожалықтары шет елден 100 етті-сүтті бағытындағы  ірі қара малын әкелу жоспарлауда және «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 4 шаруа қожалығы 37 миллион 550 мың теңге несие алып,  50 ірі қара, 935 қой, «Іскер» бағдарламасы арқылы 10 шаруа қожалығы 48 миллион 800 мың теңге несие алып,  46 ірі қара, 794 қой,  17 жылқы сатып алды. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close