Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика

Жуалы ауданында бөлшек сауда 7,5 пайызға артты

Жуалы ауданында қаңтар-қыркүйек айларында 7 495,4 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» баспасөз алаңында өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков айтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Ауданның 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттемелері туралы баяндаған аудан басшысы 9 ай ішінде кәсіпорындар 7 495,4 миллион теңгенің өнімін өндіргенін жеткізді. 2018 жылдың сәйкес 9 айында бұл көрсеткіш 5 071,9 миллион теңгені құраған.

Биылғы жылдың 1 қазанына аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 389 797,1 мың теңге салық түсірді. Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 242 943,1 мың теңге салық артық түсіріп отыр немесе 2,5 есеге артты.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4605 кәсіпкерлік субъекті тіркелген, оның ішінде 2 орта, 167 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2048 жеке кәсіпкерлер және 2388 шаруа қожалықтар бар. Осы шаруашылық субъектілерінде барлығы 9 234  адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 692 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1 997 адам, шаруа қожалықтарында 6 436 адам  жұмыс жасайды. 2019 жылдың тоғыз айында аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 389 миллион 797,1 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4252-сі, немесе 92,3 пайызы жұмыс істеуде. Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 369-ға немесе 9,5 пайызға артты, – деді Нарбай Ергебеков. Аудан бойынша 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1 857,2 миллион теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 7,5 пайызға артқан.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close