Басты бетЖаңалықтарПайдалы кеңесҚоғамӘлеумет

ATAMEKEN SERVICES ─ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ

Өңірдегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылды. Осылайша ендігі уақытта кәсіпкер кеңесшінің көмегінсіз-ақ қажетті қызмет түрін пайдалана алады, деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. 

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында services.atameken.kz интернет-ресурсы арқылы кәсіпкер бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, ақпараттық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс беріп, пайдалана алады. Аталмыш қызметтерді services.atameken.kz арқылы онлайн режимінде кәсіпкер үйінде немесе кеңседе, сондай-ақ Қазақстанның және әлемнің кез келген жерінен қосылып, қызмет түрін қолдана алады. Платформаға тіркелу үшін қолданушының телефон нөмірі мен электронды поштасы қажет. services.atameken.kz қосымшасы смартфон арқылы да қолжетімді. Тараз қаласының «Кәсіпкерлер үйінде» орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандардағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеудің жаңа форматына шілде айының ортасынан бастап көшкен болатын. Жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Өңірлік палатаның мәліметі бойынша, шілде айынан бері аймақтағы 219 кәсіпкер services.atameken.kz платформасы арқылы қызметтерді пайдаланған. Жыл басынан бері Тараз қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 600-ге тарта бизнес субъектісі сервистік қызметтерге жүгінген. Оларға 1043 сервистік қызмет түрі көрсетілген. Жалпы облыс бойынша Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында тоғыз ай ішінде екі мыңнан астам кәсіпкерге 2630 сервистік қызмет пен кеңес берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close