Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда халықаралық конференция өтті

Жуырда Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім: әдіснама, теория мен тәжірибие» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Білім саласының басым бағыттарын саралап, шетелдік және отандық мамандардың тәжірибе алмасуын көздеген шараға еліміздің беделді жоғары оқу орындарының мамандарынан бөлек шетелдік профессорлар қатысты, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Беларусь, Латвия, Англия, Чехия, Германия және өзге де мемлекет өкілдері бар. Шараны ТарМПУ-дың  оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Сәуле Әлімбаева ашты. Жаңа дәуірдің оқу бағытын саралаған жиында білім бағдарламасын қайта құрып, тың әдістердің енуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заман талабына сай педагог мамандарды оқытып, тәрбиелеп шығарудың маңызы айтылды. Германиядан келген  PhD доктор Готфрик Томас «Еуропадағы CLIL-сабақтарының тарихы, мінездемесі және проблемалары – теория және тәжірибе туралы кейбір негізгі идеялар» тақырыбын қозғады. Оның баяндамасына сенсек, елімізде қазір құрастылып жатқан тың оқу бағдарламасы батыс мемлекеттерінде қабылданып, іске асырылып жатқан білім жүйесінің өңдеуден өткен жаңа нұсқасы. Бұдан бөлек спикерлер қатарында  Вильдау қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры  Питер Ендерс, АҚШ-тағы Евергрин  мемлекеттік колледжінің PhD докторы Нэнси Коппелман және т.б. болса, модератор ретінде к.ф.н., доценті Н.Есенова, х.ғ.к., доценті А.Мажибаев, PhD доктор Р.Таубаева, PhD доктор Г.Исабекова және PhD доктор П.Құдабаева жүргізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close