Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысулықтар спортшыларымен мақтанады

Сарысу ауданы спортшыларымен мақтана алатындай дәрежеде. Оған ауданнан шыққан спорт саңлақтары дәлел. Ал осы спортшылардың басым бөлігі ауылдардан шығып жатқанын ескерсек, спорттық мектептер, секциялар мен үйірмелердің елдімекендерде көптеп ашылуы құптарлық-ақ іс.

Мысалы, Сарысу ауданы Тоғызкент ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Осы Тоғызкент ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Б.Заурбеков, Е.Бүркітбаев, Н.Жамбаев, Ж.Шынбатыров және Е.Елеусіновтердің шәкірттері әртүрлі спорттық жарыстарға барып, жүлдемен оралып жүр. Атап айтар болсақ, Тоғызкент ауылында дойбыдан 2004-2011 жылдар аралығында туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті. Нәтижесінде Е.Сыбанберлі, Ж.Ермағанбет, Т.Әбдуәлі, Е.Сыбанберлі 1-орынды иеленсе, Қ.Ұланқызы, А.Шардарбек, А.Орынтай, Е.Бейсенбек 2-орыны алып, А.Момын, А.Оңғар, Ж.Орынтай 3-орынға тұрақтады. Сонымен қатар, Шахматтан 8-18 жас ұлдар және қыздар арасында Тараз қаласында Жамбыл облысының чемпионатында Қали Ғанипа 1-орын алып, чемпион атанды. Тоғызкент ауылында «Жастар жылына» және Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Әбдірәлі Жамбаевты еске алуға арналған кіші футболдан 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнирде Тоғызкент командасы 2-орын алды. Сондай-ақ, Сарыкемер ауылында «Жастар жылына» орай қол күрестен жасөспірімдер арасында өткен облыстық турнирде Л.Есмахан, І.Чкал, А.Елеусін 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Тараз қаласында Шахматтан 8-18 жас ұлдар мен қыздар арасында облыстық жарыста Қали Ғанипа 3-орынды иеленді. Жаңатас қаласында Грек-рим күресінен Т.Мысықбаевты еске алуға арналған 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнирде Мәмед Нұрхан 3-орыннан көрінді. Осылайша, ауылдардан шыққан саңлақтар жетістікке жетудің үлгісін көрсетуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close