Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Елбасы Жолдауы талқыланды

Таяуда Тараз қаласы Полиция басқармасы тәлімгерлер кеңесі мүшелерінің бастамасымен Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жиналысқа қатысқан полиция органдарының ардагерлері, кеңес мүшелері мен жаңадан қабылданған жас мамандар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарын атап өтіп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар тәлімгерлердің есебі тыңдалып, жас мамандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ отырыс барысында жас мамандардың мамандықты игерудегі кейбір мәселелері талқыланып, қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close