Басты бетЖаңалықтарСпорт

Спортта жеткен жетістік аз емес

Сарысу ауданында жалпы 180 спорт нысаны бар. Оның ішінде жекеменшік стадион – 1, спорт кешені – 1, спорт алаңшалары – 110, футбол алаңдары – 25, спорт залдары – 30, орнатылған спорт залдары – 13.

110 спорт алаңшаларының 30-ы, 25 футбол алаңының алтауы, 30 спорт залының 12-і, орнатылған 13 спорт залының төртеуі Жаңатаста орналасқан.

2019 жылдың 11айында ауданда 19,4 мың адам қатысқан 291 спорттық іс-шаралар өткізілген. Оның ішінде ұлттық спорт түрлерінен 2250 адамның қатысуымен 35 іс-шара өтсе, 15800 адам қатысқан 255 бұқаралық спорттық жиын ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 11 кешенді спорттық жарыс, спартакиада өтіп, оған 1350 адам келген екен. Жалпы, жыл басынан бері халықаралық және республикалық жарыстарда аудан спортшылары барлығы 423 медальға ие болған. Оның ішінде 93 алтын, 101 күміс, 229 қола медаль бар.

«Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауларының бірінде атап өткеніндей, шынында да, қоғам­ның дамуы, әр түрлі бағдарлама­лардың, мейлі ол мемлекеттік, не мемлекеттік емес болсын, қандай­да бір жүйелі істердің жүзеге асуы тікелей адамға байланысты. Оның тұлғалық қасиеттеріне, қабілет­теріне, интеллектуалдық мүмкін­дік­теріне, денсаулығына, сайып келгенде, ішкі жандүниесіне және өмірлік күшіне тәуелді. Осы тұр­ғы­дан қарағанда, Елбасы айтқан­дай, саламатты өмір салтын қа­лып­тастыру ең маңызды мәселенің бірі және ол мемлекеттік саясат­тың басты бағыты болып табыла­ды. Сондықтан да спортты дамыту басты назарда болуы керек. Бұл жерде Сарысу ауданы әкімдігінің дене шанықтыру және спорт бөлімінің жұмысын атап өткен жөн. Себебі, үнемі салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық іс-шаралардың басы-қасында жүретін бөлімнің еңбегі ерен-ақ. Оның жемісті болып жатқан да жайы бар. Бұл қажырлы еңбектің арқасы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close