Басты бетЖаңалықтарСпорт

Кіші футболдан жарыс өтті

21 желтоқсанда Қаратау қаласының спорт кешенінде Тамды ауылының әкімдігі мен Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кіші футболдан жарыс өтті. Бұл жарыс Қаратау қаласының №12 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болған Ержан Еркінұлы Ахметовті еске алуға арналды. Ауданаралық кіші футболдан жарысқа жалпы саны 8 команда қатысты. Нәтижесінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімнің құрама командасы бас жүлдеге ие болды.

Жалпы, спорт — дене мәдениетінің бір түрі десек, дене шынықтыру, салауатты өмір сүру – денсаулықтың мықты болуының кепілі. Сондықтан да, әркім өзінен бастап, өз өмірі мен денсаулығына жете мән беріп, спортқа ден қоя бастағаны абзал. Дәл осы көзқарасты ұстанған таластықтар дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын ұстануға барынша көңіл қоюда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:«Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет», – деген болатын. Осыдан-ақ, еліміздің Тұңғыш Президенті ел өміріне қаншалықты көңіл бөліп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына терең мән бергенін аңғаруға болады. Ал Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек», – деді. Осы мақсатта Талас ауданында көптеген жұмыстар атқарылуда. Түрлі спорттық іс-шаралардан бастап, жоғарыда айтып өткен жарыстарға дейін салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ол туралы алдағы уақытта жеке тоқталып өтетін боламыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close