Басты бетЖаңалықтарСпорт

Спорт – саулық, саулық – байлық

Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Соның бірі – Саудакент балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. 2003 жылы құрылған бұл мектеп Саудакент ауылында Сыздықбайұлы көшесінде орналасқан. Жалпы аумағы 712 шаршы метрді құрайды. 18 жаттықтырушысы, 500 спортшысы бар.

Осы 500 спортшының ішінде жетістікке жеткен, жарыстардан жүлделі орындарға ие болып, биіктерден көрініп жүргендері аз емес. Мәселен, жуырда ғана осы Саудакент балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Ізбасар Ералиев(2000 жылы туған, 100 келі салмақта) Дзюдодан Олимпиадалық  резервтегі аймақтық спорт колледжінің жүлдесі үшін халықаралық турнирде (Семей қаласы) ІІІ орын иеленді. Сондай-ақ, Саудакент балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Перизат Ералиева(1998 жылы туған, 70 келі салмақта) Дзюдодан Олимпиадалық  резервтегі аймақтық спорт колледжінің жүлдесі үшін халықаралық турнирде (Семей қаласы) І орынды жеңіп алды. Бұдан бөлек жалпы Саудакент балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларының жетістіктері туралы айтар болсақ, Бағлан Шубаевты айтуға болады. Ол каратэ додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, каратэ додан 2 дүркін әлем чемпионы. Батырхан Қошанов та ерекше атап өтуге тұрарлық спортшы. Ол каратэ додан орталық Азия чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер. Сондай-ақ, осы мектептің спортшысы Әділет Сағаділдә да біраз жетістікке жеткен. Қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан Республикасының чемпионы. Ал жоғарыда есімі аталған Ізбасар Ералиев дзюдо күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Қазақстан Республикасының чемпионы. Негізінен, Саудакент балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларының жетістіктері мұнымен шектелмейтіні белгілі. Біз тек бір парасына ғана тоқталып өттік. Ал шын мәнінде бұл мектептің қабырғасында жаттыққан балалардың ішінде жетістікке жетіп, жүлде алып жүргендер аз емес.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close