Басты бетЖаңалықтарСпорт

Ұлт денсаулығын бекемдеу – өзекті мәселе

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет», – деген болатын. Осыдан-ақ, еліміздің Тұңғыш Президенті ел өміріне қаншалықты көңіл бөліп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына терең мән бергенін аңғаруға болады. Ал Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек», – деді.

Осы мақсатта Сарысу ауданында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Сарысу ауданында 176 спорт нысаны бар болса, оның ішінде Жаңатас қаласында 1 жекеменшік стадион, Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 спорт кешені, одан бөлек 106 спорт алаңшасы спортсүйер тұрғындар мен спортшыларға қызмет етуде. Оның ішінде 32-і Жаңатас қаласында. Сондай-ақ, 25 футбол алаңы бар болса, оның ішінде алтауы Жаңатас қаласында орналасқан. 30 спорт залдың он екісі Жаңатас қаласында болса, орнатылған спорт зал саны – 13 екен, оның ішінде төртеуі Жаңатас қаласында. Жалпы, Сарысу ауданында бұдан бөлек стритворкаут және кіші футбол алаңшалары да бар. Бұлардың барлығы спортсүйер тұрғындар үшін қызмет етеді.

Негізінен, 176 нысанның барлығы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің назарында. Ал бұл бөлім, сондай-ақ, дене тәрбиелік, спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарымен айналысады. Әртүрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастырып қана қоймай, жергілікті спортшылардың облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуына мүмкіндік туғызып, спорт мектептерінде білім алатын оқушыларды ынталандырып отырады. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтып өткен спорттық нысандардың қолжетімділігі мен халықтың салауатты өмір салтын ұстануына бұл ауданда терең мән беріледі деп нық сеніммен айтуға болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close