Басты бетЖаңалықтарСпорт

Талас ауданында волейболдан турнир өтті

Жуырда Талас ауданында Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепте мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 108 жыл толуына орай еске алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелердің қызметкерлері мен мұғалімдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

Спорт бәсекесінде жүлделі орындарға ие болған командаларды аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Арынбай мен мектеп директоры Г.Тоқбергенова құттықтап, арнайы кубокты табыстап, дипломдармен марапаттады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close