Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда «Шөлдала» шағын ауданына газ берілді

Таразда «Шөлдала» шағын ауданына газ берілді. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың ықпал етуімен іске асқан игілікті іс туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі жазды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» порталы.

«Энергостроитель» компаниясының директоры Бауыржан Бозымбеков жиналған көпшілікті көгілдір отынның берілуімен құттықтап, алқапты газбен қамтамасыз етудің үлкен еңбекпен келгенін айтып, көгілдір отынның алауын тұтатты. Осылайша, «Шөлдала» шағын ауданының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді.

Жалпы, 2019 жылғы мамыр айынан бері барлығы 13 тұрғын алқапқа газдандырудың жерасты құбыры жүргізіліп келді. Бұған дейін «Казарма», «Құмшағал» тұрғын алқаптары газдандырылған. Енді «Победа» мен «Юбилейныйға» газ берілсе, келесі айда «Восход», Ветеран», «Силикатник» саяжайларына көгілдір отын беріледі деп жоспарлануда. Жұмыстарды жүргізуші мердігер «Энергостроитель» ЖШС жалпы көлемі 70 шақырымды құрайтын көгілдір отынды кіргізу үшін газ тарату шкафтарын, 2 газ тарату пунктінің құрылысын жүргізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close