Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда жаңа үйлерге газ берілуде

Жуырда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жаңа 15 мөлтекауданды газбен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешу мақсатында «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен кездесті.

Бүгінгі таңда жаңа алқапта 8 үйге ғана газ берілген. Он көпқабатты тұрғын үйдің жерасты құбырлары сынақтан өткізілген. Тұрғындар 80 пайыз қоныстанған үйлерге газ берілуде. 2018 жылы пайдалануға берілген 9 үйдің 3 үйіне жуырда газ берілді. Тағы үш үйге газ беріледі деп жоспарлануда. Атап айтқанда: «Бином», «Таразқұрылыс» және «Аль-Аркаржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрылысын жүргізген көпқабатты тұрғын үйлер. Қазіргі таңда сыртқы газ құбырларын ауа қысымымен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда тағы 10 үйдің құжаттары рәсімделу үстінде.
Жаңа мөлтекауданның 2018-2019 жылдары пайдалануға берілген үйлеріне тұрғындар әлі қоныстанбаған. Сондықтан құрылысты жүргізген мердігерлер де сылбырлық танытып, сыртқы газ құбырын тарту және ішкі газ құбырының инженерлік техникалық құжаттарынын күні бүгінге дейін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл филиалына өткізбеген.
Қала әкімі Айтқазы Дәулетқұлұлы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен бірлесе құрылыс басына мердігерлерді жинап, жұмыстарын қарады.
Көпқабатты тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ететін магистралды құбырлардың жеткізілу сызбасымен танысып, мәселені тиімді шешу жолдарын ұсынды. Мердігерлерге қоныстанған үйлерді газбен қамтамасыз ету құжаттарын рәсімдеуге бір апта уақыт берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close