Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Талас ауданының әкімі ауылдық округтерде есеп беруде

Бүгінде аудан әкімдері ауыл тұрғындары алдында есеп беруде. Осындай кездесулер Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты ауылдық округтерде де кестеге сай өтіп жатыр. Бүгінге дейін Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың  С.Шәкіров, Бостандық, Аққұм, Қызыләуіт, Ақкөл, Берікқара, Қасқабұлақ ауылдық округтерінде жергілікті әкімдермен бірлескен жылдық қорытынды есебі өтті. Жиындарда аудан басшысы өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын айтып, биыл атқарылатын шаруаларға тоқталды.

Мәселен, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар туралы айтқанда аудан әкімі Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 333 млн. 333 мың теңге  және ауыспалы нысан Майтөбе ауылының су жүйелерінің құрылысын аяқтауға 220 млн. 453 мың теңге бөлінгенін жеткізді.

Сондай-ақ, Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №22 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 284 млн. 522 мың теңге бөлінген екен. Бқдан бөлек Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №26 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 336 млн. 892 мың теңге бөлінген. Жалпы, Талас ауданының 5 елді мекеніне Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр орамішілік газ тарату желісін аяқтауға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 43 млн. 12 мың теңге бөлінген. Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 608 млн. 254 мың теңге қаралса, Ерназар-Қойгелді 11,4 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 82 млн. 408 мың теңге бөлініпті. Сонымен қатар, Талас ауданының 3 елді мекеніне (Ақкөл, Ақтөбе, Қызылауыт) тартылатын газ құбырын салуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 922 млн. 222 мың теңге бөлінген.

Ал жолдарды жөндеу жұмыстарына келер болсақ, 2019 жылы облыстық мәндегі 41,73 шақырым 3 бағыттағы жолдарды орташа жөндеуден өткізуге 639 млн. 893 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар.

Бірінші  «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 305 млн. 952 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «ЖамбылДорМостСтройСервис» ЖШС. Келісімшарт сомасы 275 млн. 375 мың теңге.

Екінші «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» (36,3-55,92 шақырым аралығы 19,62 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына  138 млн. 461 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған нысан ауыспалы. Мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС. Келісімшарт сомасы 286 млн. 482 мың теңге.

Үшінші «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» (86-96,110 шақырым аралығы) 10,110 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 195 млн. 480 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Арқантас» ЖШС. Келісімшарт 24.01.2019 жыл.

Сол сияқты облыстық мәндегі 299,6 шақырым автомобиль жолдарын ағымды жөндеу жұмыстарына 81 млн. 393 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудандық мәндегі 44 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 607 млн. 109 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 472 млн. 284 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілген. Сондай ақ «Қасқабұлақ ауылына кіреберіс» 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 134 млн. 825 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Әрине, атқарылған жұмыс та, алға қойылған мақсат пен жоспар да мұнымен шектелмейтіні анық. Біз тек бір парасына ғана тоқталып отырмыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close