Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Алматы-Тараз тасжолында бір отар қойды жолдан айдап өтпекші болған азаматты көлік қағып кетті

Бүгін Алматы-Тараз тасжолында бір отар қойды жолдан айдап өтіп бара жатқан азаматты көлік қағып кетті. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дәлірек айтсақ, Т.Рысқұлов ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңыздағы тасжолының 436 шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі бір отар қойды жолдан айдап өтіп бара жатқан 43 жастағы азаматты қағып тоқтаған.

Осы сәтте бір бағыттағы 33 жастағы азаматтың басқаруындағы «Камаз 5410» маркалы жүк көлігі «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің артынан соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әр түрлі дене жарақатымен 48 жастағы жүргізуші және 47 жастағы қойшы №1 Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, 30 шақты қой және қойшының жылқысы өлген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қорытындысына сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close