Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Тараз қаласының әкімі бизнес өкілдерімен кездесті

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Көне Тараз» этно-тарихи кешенінде бизнес құрылым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қаланың ірі кәсіпорындары мен бизнес өкілдеріне 15-шағын ауданды қаланың жаңа мәдени-іскерлік орталығына айналдыру жөніндегі жобалар таныстырылды.

Бизнес өкілдеріне салынатын нысандардың эскизі таныстырылып, жобалық-сметалық құжаттары мен қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілгендігі туралы мәлімет жеткізілді.
Қызығушылық білдірген қалталы азаматтар жер телімі, құрылыс көлемі мен мерзімі туралы сұрақтарына тиісті мамандардың нақты жауаптарын алды. Айтқазы Дәулетқұлұлы қалталы азаматтарды қаланың көркейіп, гүлденуіне өз үлестерін қосып, жаңа жобаға өз инвестицияларын салуға шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close