Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Әлеуметтік желі арқылы танысып, адам тонаған күдікті ұсталды

26 қаңтарда Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны тонау оқиғасының құрбаны болғаны туралы шағымданды.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел- іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 26 жастағы азамат ұсталды.
Тергеу барысында жәбірленушінің әлеуметтік желі арқылы жас жігітпен танысып, үш күндік хат алмасудан кейін алғашқы кездесуге Тараз қаласына келгендігі анықталды. Кездесу кезінде ол жігіттің әлеуметтік желідегі суреттен басқа адам екенін біліп, қарым-қатынасты тоқтатуды шешкен. Алайда, күдікті осы сәтте қыздың жеке куәлігін және ұялы телефонын тартып алған.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті әлеуметтік желі алаяқтарына алданып қалмау үшін аса сақ болуды ескертеді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close