Басты бетЖаңалықтарСаясат

Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ержан Жұматұлы Жылқыбаев тағайындалды.

Ержан Жұматұлы Жылқыбаев 1982 жылы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Ленгер қаласында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінде бас маман болып бастаған. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінде бас сарапшы болып қызмет атқарған. 2007 жылдың мамыр-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің Мемлекеттік кәсіпкерлік басқармасының әдіснама және норма шығармашылығы бөлімінің бастығы. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі. 2009 жылдың наурыз-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 2011-2012 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.


2019 жылғы 26 наурыздан бастап, 29 сәуірге дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылғы сәуірден қазіргі таңға дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметтерін атқарып келді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close