Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Сарысу ауданында оқу-жаттығу өтті

Сарысу ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, сондай-ақ көктемгі су тасқынына тартылатын азаматтық қорғаудың күштер мен құралдарын даярлау мақсатында су басу аймақтарынан адамдарды құлақтандыру және эвакуациялау, халықты уақытша орналастыру бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу «2020 жылғы жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылына Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбымен Байқадам ауылдық округіне қарасты Саудакент ауылында және Абылайхан атындағы мектеп-лицейінде өтті.
Практикалық іс-шараға Төтенше жағдайлар бөлімі және ұйымдары; аудандық әкімдіктен 1 адам, 1 техника; азаматтық қорғау қызметтері; қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінен (ЖПҚ бөлімшесі) 4 адам, 1 арнайы техника, медициналық қызметінен 2 адам, ақпарат қызметінен 2 адам, 1 техника, көлік қызметінен 2 адам, 1 автобус, сауда қызметінен 2 адам, 1 азық-түлік таситын Газель автокөлігі, Абылайхан атындағы мектеп-лицейдің жеке құрамы 50 адам және жергілікті атқару органдарының күштер мен құралдары тартылды. Сондай-ақ, оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей жетекшілік етіп, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Алмаз Даулбаев барлығы 5 техника мен жеке құрамның 63 адамын ұйымдастырды.
Оқу-жаттығудың алдын ала әзірленген бағдарламасы бойынша «Ынталы» су қоймасының жағалауы жарылып, Саудакент ауылының жеке тұрғын үйлеріне су кіру қаупі туралы хабарлама Саудакент ауылдық №11-ші Өрт бекетінің диспетчеріне түсті. Кезекші аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығына, ол өз кезегінде Сарысу ауданы әкімінің аппаратына, барлық азаматтық қорғау қызметтеріне хабарлады.
Төтенше жағдай орнына бірінші кезекте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және ТЖ туралы хабарламаны қыбылдағаннан кейін Сарысу ауданы әкімдігі, азаматтық қорғау қызметтері: қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі (ЖПҚ бөлімшесі), медициналық қызмет, ақпарат қызметі, көлік қызметі және жергілікті атқару органдарының күштері мен құралдары жіберілді. ТЖ орнында жедел штабы құрылды. Арнайы тактикалық оқу-жаттығу барысында 50 төсек орын мен қажетті мөлшерде ыдыс-аяқ дайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close