Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Сарысу ауданында монумент ашылды

Жуырда Сарысу ауданы Жайылма ауылының орталығында ауған соғысының жауынгерлеріне арналған монумент ашылып, оған аудан әкімі қатысты.

Монументтің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан басшысы Қанатбек Мәдібек Ауғанстанда он жылға созылған соғыста көптеген қазақ жігіттері ерлікпен қаза тапқанын, оның ішінде Қанат Мұсаев, Серікбек Мәлтаев, Ораз Ысқақовтың болғанын тілге тиек етіп, «Олардың ерлігі мәңгілік жадымызда сақталады» дей келе, «Елімізде тыныштық, ынтымақ пен бірлік болсын» – деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлері, Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысы Алтай Сармолдаев пен Рахымжан Ыдырысұлына аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.
Жалпы, монумент «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Сәрсеновтің демеушілігімен ашылғанын айта кеткеніміз жөн. Ал монумент ескерткішті Алтай Сармолдаев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбек Сатқынтегі сөз сөйлеп ашты. Жиылғандар бір минуттық үнсіздікпен қаза болған жауынгерлерді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close