Басты бетЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына барды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары өңірдегі пилоттық жоба аясында жаңа жұмысты қолға алған Құмарық ауылдық округіне қарасты елді мекеннен басталды ,  – деп хабарлайды «Ақпарақ» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабырғасы 1991 ж қаланған Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектеп ғимаратының жай-күйімен танысты. Биылғы жылы күрделі жөндеу жоспарына енген мектеп әкімшілігі мен ұстаздарына білім сапасын арттыру,тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше басымдық беруді тапсырған аймақ басшысы Б.Сапарбаевқа аудандағы білім саласының дамуы мен проблемалар туралы аудан әкімі орынбасары Б.Ә.Әлпеисов баяндады.

Өңір басшысы жергілікті жұртшылықпен кездесіп, толғандырған мәселелер мен сұрақтарына жауап берді. Пилоттық жоба аясында атқарылар жұмыстың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ауыл тұрғындары М.Рахимов, Ә.Әміреев, М.Айдаралиев, Р.Абдуллаева сынды азаматтар ұсыныстарын жеткізді.

Мәдениет үйінде аудандағы мәдениет саласындағы шешімін табуы тиіс мәселелер, оның ішінде 6 ауылға мәдениет ошағын соғу, 4 мәдениет мекемесіне күрделі жөндеу жұмысы, 2 мәдениет үйі отқазандығын ауыстыру қажеттілігі туралы айтылды.

Жұмыс сапары аясында Б.М.Сапарбаев Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесіп, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын өркендету, кәсіпкерлікті дамыту,балалар мен жастар тәрбиесі, дін мәселесі бойынша пікірлесті.

Сондай-ақ, өңір басшысы жұмыс сапары аясында Құландағы аудандық орталық ауруханада болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Аурухана ғимараты 2003 жылы салынған. Барлық қызметкер саны – 797 адам, оның ішінде дәрігерлер – 92. Орта буынды қызметкерлер – 446, кіші бикелер – 122, басқа категориядағы қызметкерлер – 137. Аудандағы денсаулық саласының көрсеткіштері туралы баяндаған бас дәрігер Ш.Мырзалиев жаңа заманауи үлгідегі типті емхана салу туралы да ұсынысын жеткізді. Облыс әкімі азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыру,оның жүзеге асырылуы, тұрғындарды скрингтен өткізу, түрлі дертпен аурудың алдын алу шаралары, бала және ана өлімі т.б. мәселелер бойынша сауалдар қойып,дәрігерлермен сұхбаттасты. Аурухананың соңғы жылдары алған жаңа технологиямен жабдықталған медицина бөлмелерімен танысты.

Бұдан бөлек облыс әкімі Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен танысты. Аймақ басшысы колледждің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық жабдықталуы, практикалық шаралар өтетін кешендер-шаруашылық алаңындағы ветеринарлық клиника, агрономиялық зертхана, дәнекерлеу, сүт, ет өнімдерінің цехтары мен жылыжай жұмыстарымен танысып, аралап көрді. Колледждің педагог қызметкерлерімен кездесіп, аграрлық салада маман даярлау мәселелері туралы,білім беру сапасына бақылауды күшейту мәселелерін талқылап, ой-пікір алмасты. Б.М.Сапарбаев кәсіби білім беретін оқу орны әкімшілігіне өңір қажеттілігіне сай мамандар даярлау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close