Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Таразда Қайрат Рысқұлбеков саябағы ел игілігіне берілді

Бүгін Қала күні мерекесіне орай қайта жаңғыртудан өткен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ ел игілігіне берілді. Бұл күні саябаққа көптеп жиналған көпшілік батырдың рухына тағзым етіп, қаһарманның қайта жаңғыртылған ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жиын барысында жазушы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әлімжан, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұрат Бердалиев және Қайрат Рысқұлбековтің әпкесі Гүлнәр Рысқұлбекова сөз сөйлеп, батыр туралы естеліктерін айтты.

Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің ашылу салтанатынан соң қонақтар саябақ ішінен ашылған «Желтоқсан-86» орталығында болды. Қала қонақтары мен тұрғындары қайта жаңғыртудан өткен Қайрат Рысқұлбеков саябағын тамашалады. Бүгінде саябақтың жалпы аумағы алты жарым гектарды құрайды. Жалпы сметалық құны 403,9 миллион теңгені құрайтын саябақтың эскиздік жобасын «Табыс жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген.

Сонымен қатар, бүгін аталған саябақ ішінен «Желтоқсан-86» орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан өткен «Ардагерлер үйі», «Ғибрат» орталығы және «Шахмат» алаңы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұдан былай тараздықтар мен қала қонақтары Қайрат Рысқұлбеков саябағына келіп, осындай кереметтерді тамашалай алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close