Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысында постмодерндік элементтермен кілем өндіріледі

Түркістан облысында орналасқан «Бал Текстиль» компаниясы республика бойынша озық технологиямен кілем шығаратын фабрикалардың бірі. Компания классикалық, дәстүрлі өрнектер мен постмодерндік элементтер, сондай-ақ, хайтек, авангард стильдерімен кілем өндіреді.

Кәсіпорын 2013 жылы құрылған. Өндіріс орны «Үдемелі өндірістік даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылды. Жобаның құны 8,5 миллиард теңгені құрайды. Атап өтерлігі, мұнда кілеинің сан түрі мен 2000-нан астам дизайн үлгілері бар. Компания басшысы Талғат Исхаховтың айтуынша, кәсіпорын Түркиядағы кілем өндіруші кәсіпорынмен бірлесе жұмыс жасайды. «Түркиялық кәсіпорындармен бірігіп, түріктің технологиясын игеру үшін мамандар келді. Алғашқы кезеңдер қиын болды. Түрік мамандар біздің жергілікті жастарды осы салаға баулып, қазіргі таңда мамандарымыз меңгеріп, жұмыс жасап жатыр», деді кәсіпорын басшысы Т.Исхахов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close