Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 44 адам тіркелді

Қырғызстанда 25 наурыз 14:00-дегі жағдай бойынша 44 адамнан коронавирус табылған. Бұл туралы үкімет үйіндегі брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматова айтты деп хабарлайды «Ақпарақ» Кабарға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Бірі – 1960 жылғы ер адам, Бішкек қаласында. Ол Испаниядан келген адамнан жұқтырып алған. Екінші жағдай – 1985 жылғы ер адам. Шу облысы Мәскеу ауданының тұрғыны, ол 20 наурызда Дубайдан келген. Сондай-ақ, ол Испаниядан келген адамның қайта ұшып кеткенін атап өтті. «Қазіргі уақытта елде 44 адам коронавирусқа шалдықты, соның ішінде: Ош облысында – 22 жағдай, Джалал-Абад облысында – 19, Бішкекте – 3, Шу облысында – 1, Баткен облысында – 1. Барлығы – 44 жағдай», – деп хабарлады А. Акматова.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close