Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Таразда «Үшбұлақ» демалыс аймағы пайдалануға берілді

Бүгін Тараздағы «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жалпы 6,5 гектар жер абаттандырылып, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ал мұндағы көпірдің ұзындығы 72 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Сонымен қатар, бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге дейін кеңейді. Ал мұнда келіп демалушылар үшін 5 аққу, 4 үйрек пен ақ амур және карп сияқты барлығы 3000-ға жуық балық жіберілген. Аталған жағалауда каналға шығатын 3 пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар мен суда жүзуге арналған катамарандар қойылған. Ал каналдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Аталған демалыс аймағының ашылу салтанатында Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев пен еңбек ардагері Өскенбай Мәдиев сөз алып, бүгінде Тараз қаласының әсем де көрікті қалаға айналып келе жатқанын айтып өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close