Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Елжан Біртанов коронавирус туралы болжамын айтты

«Төтенше жағдай режимінің ұзартылуы эпидемиологиялық жағдайға, коронавирустық инфекциялармен байланысты болады. Осы уақытқа дейін, яғни 15 сәуірге дейін біз ауруды азайтуға кірісеміз деп үміттенеміз.  Бұл жағдайда Мемлекет басшысы шешім қабылдайды. Мемлекеттік комиссияда біз күн сайын осы жағдайды қарастырамыз. Егер жағдай теріс болса, онда, әрине, төтенше жағдайды ұзарту мүмкін» деді Елжан Біртанов Фейсбуктегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, коронавирустың ең жоғары деңгейі сәуір айының алғашқы онкүндігінде болжанады.

«Өкінішке қарай, бұл әрдайым бізге байланысты емес, яғни, біздің есептеуіміз бойынша, карантиндік шаралар аурудың таралуын шамамен 50% төмендетуге мүмкіндік берді. Сондықтан бұдан әрі шараларды қатаңдату  қажет, карантиндік шараларды сақтау өте маңызды және күшейтуді одан әрі жалғастыруға болады, бұл фактор кеше, Президент айтқандай, инфекцияның таралу жылдамдығын төмендетуге мүмкіндік береді» деді Елжан Біртанов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close