Пайдалы кеңес

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  1. Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет.
  2. Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз.
  3. Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті кетіру үшін сірке қышқылын пайдаланыңыз.
  4. Асхана орамалдарын 12 сағатқа ұйыған сүтке салып қойсаңыз, ол жақсы жуылады.
  5. Сүт піскен кезде төгілмесін десеңіз, пісіретін ыдыстың ішіне сары май жағыңыз.
  6. Көкөністерді тамақтың суы қайнаған соң ғана салады.
  7. Қызылшаны жиырма минут ыстық суда пісіріп, артынша суық суға салсаңыз, жылдам піседі.
  8. Картопты тұзды суға салып қойсаңыз, жылдам аршылады.
  9. Тұзды картопты қуырып болған соң салған жөн.
  10. Бадана мен бұршақтың жылдам піскенін қаласаңыз, 12 сағатқа суық суға салып қойыңыз.
  11. Картоп езілмесін десеңіз, сірке қышқылы қосылған тұзды суда пісіріңіз.
  12. Қызылшаны қант пен алма сірке қышқылы қосылған суда пісіретін болсаңыз, бояуы шықпайды.
  13. Көкөністерді дұрыс әзірлеу тәсілі: а) қазанның қақпағы жақсылап жабылуы тиіс; ә) көкөністерді шанышқының көмегімен тесуге болмайды; б) піскен көкөністерді судан бірден алған жөн; в) көкөністерді пісірген кезде суға лимон шырынын тамызу қажет.
  14. Нанның жанына картоп, тұз қоятын болсаңыз, дәмі көпке дейін сақталады.
  15. Балды дұрыс таңдау тәсілі: а) таяқ алып, оған бал ораңыз. Қолдан жасалған бал таяққа жағылмайды. Сырғып аға беретін болады; ә) балды саусағыңызбен үйкеп көріңіз. Бірнеше уақыттан соң саусақтарыңыз бұрынғыдай бір-біріне жабыспаса, бұл балға қант қосылғандығын білдіреді; б) тырнағыңыздың ұшына бал жағып көріңіз. Сапалы бал төмен қарай ағып кетпейді.
    Дереккөз: Massaget.kz. https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/31711/

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close