Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының жұмыс берушілерінің назарына!

Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алады.
Төтенше жағдай кезінде мәжбүрлі түрде жалақысы сақталмайтын демалыста болуына байланысты табысын жоғалтқан жұмыс істейтін Тараз қаласының азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлемдер алады.
Бір қызметкерге төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері 1 ең төменгі жалақы мөлшерін немесе айына 42,5 мың теңгені құрайды.
Әлеуметтік төлемді тағайындау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатарынан әлеуметтік аударымдар төлеушілер әлеуметтік аударымдар жүргізген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жүзеге асырылады.
Әлеуметтік төлем:
1) жыл сайынғы еңбек демалысындағы;
2) тоқтап тұруға байланысты жұмыстан босатылған;
3) еңбек қызметін жалғастырған (оның ішінде қашықтықтан) немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыстардың біреуіндегі тоқтап тұру жағдайында екі және одан да көп жұмыстарды қоса атқаратын;
4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде 3 айдан аз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жүргізілмейді.
Жұмыс берушілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындау үшін төтенше жағдай кезіндегі қызметті шектеуге байланысты қызметкерлерінің кірістерін жоғалтуын растайтын құжаттармен (қызметкерлердің тізімі және қызметкерлерге жалақы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан алынған үзінді) жүгіну қажет.
Жұмыс берушілердің (немесе ЖК) өтінімдерінің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері МӘСҚ төлем төлейтін қызметкерлердің тізімін дербес қалыптастырады.
Әлеуметтік төлем қызметкерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезінде, бірақ төтенше жағдайдың ұзақтығынан аспайтын мерзімде төленеді.
Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алатын болады. Төлем қаражаты МӘСҚ есебінен жоғалған кірістің 40%-ы мөлшерінде жүзеге асырылатын болады.
Ол үшін жұмыстан босатылған қызметкерке жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына бір өтініш беруі жеткілікті.Төлем автоматты түрде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, егер азамат жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.
Анықтама телефоны: 54-47-08, 94-11-62.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close