Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!

29 қазан мен 2 қараша аралығында Тараз қаласында жүргізушілердің жаяу жүргінші өткелінен өту және жаяу жүргіншілердің жүру бөлігінен өту кезіндегі жасайтын бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Республикалық «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Статистикалық мәліметтер бойынша, Тараз қаласы аумағында жалпы жаяу жүргіншілердің қатысуымен жыл басынан бері 368 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 17 адам қаза тауып, 484 адам зардап шеккен. Осындай жол-көлік оқиғаларының 98% жүргізушілердің кінәсінен болған.

Тараз қаласы Полиция басқармасының жол-патрульдік полиция батальоны.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close