Басты бетЖаңалықтарЭкономика

ҚАЗАҚСТАН СИАНЬДАҒЫ КӨРМЕДЕ ӨЗ ӨНІМДЕРІН ҰСЫНДЫ

Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы Сиань қаласында өткен жыл сайынғы VII Халықаралық сатып алу көрмесінің бір бөлігіне айналды, деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытайлық компаниялар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытуда. Себебі, Аспан асты еліне ұн өндірушілерді қоса алғанда, дәл осы тамақ өнімдерімен айналысатын компаниялар барған болатын. Қытайлық тараптан 30-дан астам компаниялар қатысты. Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қытайдың Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close