Басты бетЖаңалықтарКоронавирусРуханиятҚоғамӘлеумет

Биыл Қадыр түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадыр түнін мешітте қарсы алуға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

18 мамырдан бастап елдегі мешіттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып ашылады. Жалпы алаңның 30%-ін толтыруға рұқсат берілген.

«Біздің имамдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Келушілерді кезең-кезеңмен кіргіземіз. Мысалы, Құран оқуға арналған бөлмеде бір мезгілде оннан артық адам болмауы керек. Жалпы залға имамдар адамдарды топ-тобымен кіргізетін болады»,- деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылады.

«Жыл сайын Қадір түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадір түнін үйде өткізуді ұсынамыз», – деді ҚМДБ.

Қадір түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні кіреді.

Жамағат намазы: бесуақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайды, деп нақтылады діни басқарма.

Мешіттегі неке қию рәсіміне шариғатқа сәйкес, жас жұбайлармен бірге куәгерлері ғана қатыса алады.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке кіреберісте орнатылған антисептиктерді пайдаланып, бетперде мен медициналық қолғап кию қажет екенін айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close