Басты бет

Бірінші сақтық бетпердеден басталады

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың тапсырмасымен бүгін қалада бетпердесіз жүрген азаматтарға 3000-нан аса тегін маска таратылды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бетперделерді тарату жұмыстарына жұмылдырылған волонтерлар қаланың барлық аумақтарын аралап, бетпердесіз жүрген азаматтарға беріп шықты.

Жалпы, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау, індеттің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған шаралар бұнымен шектелмейді. Қала әкімдігі бұл бағытта бірқатар шараларды қолға алып, іске асырып жатқанын атап өткеніміз жөн. Мәселен, бұл күндері қалада дезинфекция жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Әсіресе, адамдар көп жүретін базарлардың аумағы қамтылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close